Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектебі" КММ
Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы
"№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектебі" КММ
Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектеп
Т А Р И Х Ы

№202 орта мектеп 1967 жылы 1 қыркүйекте Дәуімбай елді мекенінде ашылып, 16 класқа 18 пәннен 26 мұғалім сабақ жүргізді.
Елбасының 1998-2000 жылдарға үкіметке берген 8 тапсырмасын жүзеге асыруда халық құрылыс есебінен №202 орта мектептің ескі ғимаратының орнына 2 қабатты ғимарат салынып, 1998 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді.
2009 жылдың 20 қазан күні Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының негізінде Дәуімбай елді мекенінде бас мердігер «К-Спец.Транс Сервис» ЖШС-нің смета құны 1813,367 млн.теңге, учаске ауданы 5,60 га, жалпы ауданы 18970 шаршы метр, құрылыс көлемі 17249,6 шаршы метр 1200 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.


2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Жалағаш ауданы білім бөлімінің №202 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Зейнолла Жарқынбаевтың есімі берілді. 
Мектепте қазіргі таңда 800-ден астам оқушы білім алуда, 200-ге жуық қызметкер жұмыс жасайды. Мектеп базасында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті орталық, балаларға арналған қосымша білім беру үйірмелері жұмыс жасайды.
 Мектеп ұжымының жетістіктері:
4. 2013-2014 оқу жылының қорытындысымен - «ШАБЫТТЫҢ АҚ ЖЕЛКЕНІ» номинациясы;
5. 2014-2015 оқу жылының қорытындысымен - «БІЛІМ БӘЙТЕРЕГІ» номинациясы;
6. 2015-2016 оқу жылының қорытындысымен – ҰБТ-де жоғары нәтиже «АЛТЫН БЕЛГІ» иегерлерін дайындағаны үшін номинациясы;
7. 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен - жас ұрпаққа білім берудегі үлесі үшін «БІЛІМ ШЫҢЫ» номинациясы;
8. 2020-2021 оқу жылының қорытындысымен білім берудегі жаңашыл, шығармашыл, нәтижелі еңбегімен білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «ҮЗДІК ЖАҢАШЫЛ МЕКТЕП» номинациясы;
9. 2021-2022 оқу жылында - «ҮЗДІК СПОРТ ҚАМҚОРШЫСЫ» номинациясы;
10. 2022-2023 оқу жылының қорытындысымен «ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП» номинациясы;
11. 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен білім берудегі шығармашыл нәтижелі еңбегі мен білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «ҮЗДІК ЖАҢАШЫЛ МЕКТЕП» номинациясы;
12. 2024-2025 оқу жылында облыс әкімінің жүлдесі үшін «СЫР ЛИГАСЫ» аясында мектеп оқушылары арасында өткізілген жайдарман сайысының ІІІ орын иегері.